Apple тең құрушысы ғарыш компаниясын ашады

Америкалық Apple компаниясының тең құрушысы Стив Возняк ғарышты зерттеуге арналған «Privateer Space» атты жоба ашатынын мәлімдеді.

Кәсіпкердің айтуынша, жаңа компания басқа бәсекелестеріне мүлде ұқсамайды. Десе де, ол «ғарышты игеру – бақталастар арасындағы бақастық емес, керісінше бүкіл адамзат үшін ортақ міндет болуы тиіс» деді.

Жаңа компания туралы толығырақ ақпарат бүгін Гавай аралдарында басталатын технологиялық конференция барысында белгілі болмақ.

Сондай-ақ...