Грекияда коронавирусқа байланысты жаңа шара қабылданды

Грекияда коронавирустың таралу қаупін болдырмауға бағытталған жаңа шара күшіне енді.

Енді санитарлық төлқұжаты жоқ азаматтар ойын-сауық орталықтары мен кафе-барларға кіре алмайды. Жаңа шектеу келер жылдың наурыз айына дейін жалғасады. Алайда мұндай талапқа жергілікті кәсіпкерлер өз назын айтып, наразылық танытты. Айтуларынша, қоғамдық тамақтану орындарына келетіндерге тиісті бақылау жүргізу оңай шаруа емес. Ол үшін арнайы адам алу керек екен. Ал бұл қосымша шығын дейді олар.

Георгий Каперонис, мейрамхана менеджері:

– Бақылау орнату оңайға соқпайтыны анық. Ол үшін қосымша екі адам қажет. Оның үстіне қонақтар шамамен бір уақытта келеді.Осындай қиындыққа қарамастан, билік талабын орындауға міндеттіміз. Бізді айтарлықтай шығын күтіп тұр деп ойлаймын. Себебі вакцина алмаған азаматтар қатары елімізде әлі де көп.

Сондай-ақ...