Мыңдаған ауғанстандық тәліптерге қарсы бас көтерді

Ауғанстанның Қандағар қаласында мыңнан астам тұрғын шеруге шықты.

Тәліптер жылдар бойы әскери гарнизон үйлерінде тұрып келген 3 мыңнан аса отбасыны күшпен шығарып жатыр. Ғимараттарды босату туралы «Талибанның» талабы 3 күннің ішінде орындалуы керек. Оның үстіне, тәліптер тұрғындарға жиһаз және басқа да заттарын бірге алып кетуге тыйым салған.

«Талибан» бұл үйлерге өз сарбаздарын орналастырмақ. Ал үйсіз қалғандар ақшасы жоғын, тіпті тамаққа тиын таба алмай отырғанын айтып, шағымданып жатыр.

Сондай-ақ...