Бразилияда жеңіл ұшақ құлап, жеті адам қаза тапты

Бразилияның Пирасикаба қаласында жеңіл ұшақ құлап, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бортта жергілікті бір кәсіпкер мен оның отбасы және екі ұшқыш болған. Бірақ ешбірі тірі қалмады. Ұшақ көкке көтерілген соң бірнеше минуттан кейін құлаған. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды.