Байқоңырдан «Союз-2.1б» зымыран тасығышы ұшырылды

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Фрегат» үдемелі блогы бар «Союз-2.1б» зымыран тасығышы ұшырылды.

Бұл туралы Роскосмос хабарлады.

Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 12-ден өте ғарыш аппараты зымыраннан сәтті ажырады. Ракета орбитаға 34 британдық «Уанвеб» байланыс спутнигін алып шығады.

Айта кетейік, бұл биыл ғарышқа жол тартқан 15-ші ресейлік зымыран. Бұған дейін «Союз-2 1б» 22 тамызда көкке самғады.

Сондай-ақ...