424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 76-сессиясы басталды

  • 50
  • UPD: 09:59, 15.09.2021
Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 76-сессиясы басталды Nokta.md

Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 76-сессиясы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орган төрағасының өкілеттіктері Мальдив Республикасының өкілі Абдулла Шахидке өтті. Қауіпсіздік кеңесін биыл Ирландия басқарады.

Сессия басында қатысушылар алдында БҰҰ төрағасы және Бас хатшысы Антониу Гутерриш сөз сөйлейді. Алғашқы отырыстар формалды сипатта болады, қатысушылар күн тәртібін және жұмыс органдарының жаңа құрамын бекітуі тиіс.

Ал 21 қыркүйек күні жоғары деңгейдегі сессия басталады, онда көптеген елдің көшбасшылары сөз сөйлейді.

Хабар 24 телеарнасы