Боливияда жанармай қоймасында жарылыс болып, 12 адам зардап шекті

Боливияның Камарго қаласындағы жанармай қоймасында бірнеше мәрте жарылыс болып, артынша өрт шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, алдымен газ балоны, кейін дизель отыны сақтаулы бак жарылды. Қайғылы оқиғадан 12 адам түрлі жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында. Жарылыстың күшінен жақын маңдағы ғимараттар да зақымданған. Мамандар лаулаған отты 5 сағаттан кейін ауыздықтай алды. Жарылыстың не себептен болғанын анықтау мақсатында тергеу ісі басталды.

Сондай-ақ...