Ауғанстанда «Талибан» басшыларының арасында кикілжің туды

Ауғанстанда билікті басып алған тәліп басшыларының арасында кикілжің туды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға өткен аптада Кабулдағы президент сарайында болған көрінеді. Ақпарға қарағанда, «Талибан» үкіметінде премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған Абдул Гани Барадар мен Босқындар істері жөніндегі министр Халил Рахман Хаккани сөзге келіп қалған. Қос шенеунік тәліптердің билік басына келуінде кім маңызды рөл атқарды деген мәселе төңірегінде бір тоқтамға келе алмаған. Барадардың пікірінше, бұл – Катарда АҚШ-пен келіссөз жүргізген топтың еңбегі. Хаккани болса, бұл ауған жеріндегі қарулы топтар қимылының арқасы дегенді айтып, өзінің соңғы жылдардағы лаңкестік әрекеттерін меңзеген. Жанжалдан кейін Барадар Кабулдан Кандагарға кетіп қалған. Бірақ тәліптер жанжалды жоққа шығарып отыр.

Сондай-ақ...