Үндістанның батысында толассыз жауыннан елді мекендерді су басты

Үндістанның батысындағы Гуджарат штатында нөсер жаңбырдан елді мекендерді су басып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апаттан 3 адам опат болды. Шаһар көшелері суға толып, шеткі аудандардан мыңдаған адам шұғыл эвакуацияланды. Әсіресе, Раджкот пен Джамнагар қалалары қатты зардап шекті. Апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті ауа райын болжау қызметінің хабарлауынша, жауын-шашын алдағы күндері жалғасады.

Балрам Миена, полиция өкілі:

- Қазір адамдарды қауіпсіз орындарға көшіру операциясы жалғасып жатыр. Қаланың ойпатты жерлерінде орналасқан аудандарды су басып, көп қиындық туындап отыр.

Ал АҚШ-тың Техас пен Луизиана штаттарына «Николас» дауылы соқты. Мексика шығанағынан жылжыған қатты желмен бірге жаңбыр жауып, үйлерді су басып жатыр. 450 мыңнан аса адам жарықсыз қалған. Мамандар дауыл екпіні бүгін саябырлайды деп болжап отыр. Қос штатта бірер апта бұрын «Ида» дауылы соғып, 80-нен астам адам көз жұмған еді.

Сондай-ақ...