Испанияда ірі орман өрті бақылауға алынды

Испанияда орман өрті лаулаған Андалусия аймағында жаңбыр жауып, өрт сөндірушілер жағдайды бақылауға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жаумен бір аптадай күрескен мамандар қазір кей жерлерде ғана өрт ошақтары қалғанын айтады. Бірақ қызыл жалын Коста-дель-Соль курорт маңындағы 10 мыңға жуық гектар жерді күлге айналдырған. Тілсіз жаумен 1 мыңға жуық өрт сөндіруші күресіп, оншақты ұшақ қолданылды. 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Жергілікті билік Андалусиядағы өрт Испанияда соңғы жылдары болған ең ірі апат деп отыр.

Сондай-ақ...