Аргентинада литий өндірісі қарқын алып келеді

Аргентинада электрлі көліктердің аккумуляторлары үшін литий өндіру қарқын алып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өндіріс орындары негізінен елдің солтүстігінде шалғайдағы шөлейт аймақта ашылған. Бұл жерде литийдің дүниежүзі бойынша үшінші мол қоры жатыр. Өте жеңіл металл тұзды судың құрамынан сүзіп алынады. Оны өндіру бойынша Аргентина қазірдің өзінде төртінші орында. Енді алдағы жылдары өндіріс қарқынын 40 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Ал болашақта тіпті жылына 200 мың тонна литий шығару міндеті қойылған. Мамандар алдағы 2 жыл ішінде аталған металға деген сұраныс 30%-ке артатынын айтады.

Дэвид Гереро Алварадо, кеңесші:

- Аргентина 10 жылға жетпей литий өндіру бойынша әлемдегі ең жетекші елге айналуы мүмкін. Тек бұл үшін жобалар кеңінен қолдау тауып, жүйеленуі тиіс.