425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Египет ғалымдары 43 млн жыл бұрын өмір сүрген киттің қаңқасын қалпына келтірді

  • 91
  • UPD: 12:29, 15.09.2021
Египет ғалымдары 43 млн жыл бұрын өмір сүрген киттің қаңқасын қалпына келтірді

Ең қызығы, бұл жануардың 4 аяғы болған, сондықтан суда да, құрлықта да жүріп, өмір сүре алатын қосмекенділер қатарына жатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Киттің сүйегін алғаш 2008 жылы жергілікті экологтар елдің батысындағы шөлден  тауып, мамандар 10 жыл бұрын жер астынан қазып алды. Бірақ түбегейлі зерттеу ісі 2017 жылы ғана қолға алынды. Себебі білікті палеонтологтарды табуға біраз уақыт кеткен. Мысырлық мамандарға АҚШ ғалымдары көмек көрсеткен.

Абдалла Гоар, зерттеуші:

- Киттің ұзындығы шамамен 3 метрге жетеді. Ал салмағы 600 келіні құрайды. Сондықтан оны 43 миллион жыл бұрын өмір сүрген ең үлкен әрі ең жыртқыш киттердің бірі болған деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы