Парижде Напалеонның 1807 жылы киген бас киімі сатылады

15 қыркүйекте Sotheby's аукционында Наполеонның әйгілі үш бұрышты қалпағы сатылады, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сілтеме жасап.

Бас киім онлайн саудадағы басты лотқа айналады, дейді Париждегі аукцион үйінің өкілдері. Қалпақты Наполеон 1807 жылғы әскери жорығы кезінде киген.

Тарихшылар Бонапартқа тиесілі 19 үш бұрышты бас киімді анықтаған, олардың көпшілігі мұражай коллекцияларында тұр.

Бас киімнің бағасы 600 мың еуроға жетуі мүмкін. Аукционға барлығы Наполеонға қатысты мыңға жуық бұйым қойылады. Аукцион 15-22 қыркүйек аралығында өтеді.