Нидерландта індетке қарсы шектеулер жеңілдетіледі

Нидерландта коронавирусқа қарсы шектеулер жеңілдетіліп, ковид-төлқұжат енгізілетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ 13 жасқа толған балалардан бастап барлық азамат мейрамхана, кинотеатр, концертпен бірге далада іс-шараларға кіруі үшін ковид-төлқұжат көрсетуі тиіс болады. Және қоғамдық көлік пен мектептерде бетперде тағып жүру сақталады.

Айта кетейік, 12 миллионнан астам тұрғыны бар Нидерландта қазірге дейін халықтың 65%-і толық екпе алған.

Марк Рютте, Нидерланд премьер-министрі:

- Біз қыркүйектің 25-інен бастап әлеуметтік арақашықтық сынды шектеуден бас тартамыз. Бірақ тұрғындардың 1,5 метрлік арақашықтықты шама келгенше сақтай бергені дұрыс деп ойлаймын. Дегенмен, алдағы уақытта бұл шектеу толық жойылады.