Ж.Боррель: Еуроодақта тәліптермен келіссөз жүргізгеннен басқа таңдау жоқ

Еуроодақта «Талибан» қозғалысымен келіссөзден басқа таңдау жоқ.

Ұйымға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету және тәліптермен дипломатиялық қатынас орнату үшін адам құқықтары сақталып, әйелдердің құқықтары аяққа тапталмауы керек дегенді айтты. Еурокомиссия алдағы уақытта бұл елден 30 мың ауғанды көшіру үшін 300 миллион еуро қаржы бөлуді жоспарлап отыр.

Жозеп Боррель, Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:

- Бізде Ауғанстандағы жағдайға ықпал ету үшін «Талибанмен» ынтымақтасудан басқа жол жоқ. Бірақ бұл радикалды қозғалысты тануды емес, тек келіссөз жүргізуді білдіреді. Ынтымақтастықтың деңгейі мен түрі тәліптер үкіметінің әрекетіне байланысты болады. Ағанстанда Еуроодақ елдерінің елшілігі жабылған. Бірақ Кабулда біздің делегациямыз бар. Сондықтан оны Ауғанстанның жаңа үкіметімен келіссөз жүргізуге пайдалануға болады деп ойлаймыз.