425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сан-Марино билігі жасанды түсікке рұқсат беруі мүмкін

  • 68
  • UPD: 23:12, 15.09.2021

Сан-Маринода жасанды түсік жасатуға рұқсат берілуі мүмкін. Қазір ел тұрғындары осы мәселе бойынша референдумға дайындалып жатыр. Айта кетейік, мұнда абортқа заңмен тыйым салынған. Себебі халықтың көп бөлігі католик дінін ұстанады. Бірақ 20 жылдан бері түсік жасатуды жақтайтындар қатары едәуір көбейген. Референдум өткізуге солар бастамашы болған. Тұрғындардың нақты таңдауы 26 қыркүйекте белгілі болады. Бұл елде әйелдер дауыс беру құқығына 1964 жылы ие болған. Ал ажырасуға тек 1986 жылы ғана заңмен рұқсат берілді.

Роза Зафферани, әйелдер одағының мүшесі:

- Сан-Маринода аборт жоқ деген қып-қызыл өтірік. Әйелдер бұл қадамға заңсыз жолмен барып жатыр. Шетелге де барып жасатады. Себебі Сан-Марино үшін бұл қылмыс әрі масқара.

Рокко Гульота, жұмысшы

- Түсік жасату туралы шешімді неге анасы ғана қабылдауы тиіс. Нәрестенің әкесі де бар емес пе? Бала көтерген әйел оны тууы керек. Қаламаса кейін біреудің бауырына салып берсін.

Хабар 24 телеарнасы