Ауғанстанда 4 млн адам азық-түлікке қол жеткізе алмай отыр

Ауғанстанда 4 миллион адам азық-түлікке зәру. Бұл ақпаратты БҰҰ өкілі Рейн Полсен жариялады.

Айтуынша, тамаққа жарымай отырғандардың дені ауыл тұрғындары екен. Өйткені биылғы қуаңшылықтан елдегі егістік алқаптары қурап қалған. Бұған қоса миллиондаған үй жануары қырылып қалуы мүмкін. Сол үшін елді мекендерде өмір сүретін азаматтарға шұғыл көмек керек. Бүгінге дейін ауылдық жерде тұратын 400 мыңнан астам ауған азаматы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.