Францияда індеттің кезекті толқыны бәсеңдеді

Францияда 50 миллион адам коронавирусқа қарсы екпе салдырған. Осыған байланысты елде індеттің төртінші толқыны басылды.

Соңғы мәліметтер бойынша, франциялықтардың 70 процентіне вакцина салынды. Бүгіннен бастап медициналық мекемелер, қарттар үйлері мен азаматтық қорғаныс қызметкерлері, сондай-ақ құтқарушылар мен өрт сөндірушілер екпе қабылдауға міндеттелді. 12 жастан асқан жасөспірімдер өз еркімен вакцина салдыра алады. Сонымен қатар Францияда үшінші доза егіле бастады.  

Габриэль Атталь, Франция үкіметінің ресми өкілі:

- Күннен күнге Франция аумағында коронавирусты жұқтыру азайып бара жатыр. Қазір орта шамамен күн сайын 10 мыңдай науқас анықталады. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 25 процентке кем. Ауруханаларға түскен ауыртпалық та азайып келеді. Жұқтыру көрсеткіші биылғы шілде айындағы деңгейге түсті.