Португалияда вакцина салдырған ересектер үлесі 80 проценттен асты

Португалияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ересектердің үлесі 80 проценттен асты.

Осылайша бұл ел қазір екпе салу көрсеткіші бойынша әлемде бірінші орында тұр. Ал препараттың бірінші дозасын қабылдағандар қатары 86 проценттен асады.

Айта кетейік, бүгінде Португалия азаматтарына 4 түрлі вакцина салынады. 

Энрике Гувейя-И-Мело, вакциналау науқанының үйлестірушісі:

- Халықты вакциналау көрсеткіші бойынша біздің ел қай орында тұрғаны мен үшін маңызды емес. Тек вирустың таралуы бақылауда болғанын қалаймын. Ол үшін ел азаматтарын барынша тезірек вакциналап шығу қажет.

Сондай-ақ...