Түркияның Синоп қаласында жаға ұстатарлық жағдай болды

Түркияның Синоп қаласында оқыс оқиға болды.

Әйел адам дүкенге кірген соң, бекітілмеген бесікарба көлік жүретін жолды қиып өтіп, 3 метрлік ойысқа құлдилай жөнелді. Жаға ұстатарлық көрініс супермаркеттің бейнекамерасына жазылып қалған.

Дүкеннен шыққан ана бөпесінің соңынан жанұшыра жүгірген. Абырой болғанда нәресте көліктің астына түскен жоқ, бірақ жеңіл жарақат алған. Қазір ол ауруханада. Дәрігерлер бөпенің халі жақсы дейді.