Қытайдың оңтүстік-батысында 6 балдық жер сілкінісі болды

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында 6 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) хабарлады.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Сычуань провинциясының Лусянь уезінде (Оңтүстік-Батыс Қытай) 10 км тереңдікте орналасқан.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жерасты дүмпуі Қытайдың ірі мегаполисі Чунцин қаласында сезілген.