SpaceX ғарышқа алғашқы туристерін жіберді

Илон Масктың SpaceX компаниясы алғашқы туристерді Жерге жақын орбитаға ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Компанияда нақтыланғандай, Falcon 9 зымыраны және Red Dragon кемесі Флоридадағы 39A алаңында орнатылған. Ұшу сәтін SpaceX-тің Youtube каналынан көруге болады.

Inspiration 4 миссиясы аясында төрт адам ғарышқа ұшты: кәсіпкер Джаред Айзекман, балалар ауруханасының қызметкері Хейли Арсено, тәжірибелі сынақ ұшқышы Крис Семброски және тәрбиеші Сиан Проктор. Олар нағыз ғарышкерлер ретінде ұзақ дайындықтан өтпеді - SpaceX компаниясы тек медициналық тексеру мен нұсқаулық өткізді. Экипаж мүшелері ғарышта шамамен үш күн болады.