Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Ауғанстандағы оқиғаға байланысты қызметінен кетті

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб қызметінен кетті.

Оған Ауғанстаннан аудармашыларды эвакуациялау төңірегіндегі жанжал түрткі болды. Себебі Рааб тәліптер Кабулды басып алып жатқанда Крит аралында демалып, ауған әріптесімен хабарласпаған. Енді Корольдіктің сыртқы саясат ведомствосын бұған дейін Сыртқы сауда, әйелдер істері және теңсіздік мәселесі жөніндегі министрі болған Лиз Трасс басқарады.