425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-та әрбір 500-тұрғын коронавирустан көз жұмған

  • 131
  • UPD: 10:48, 16.09.2021
АҚШ-та әрбір 500-тұрғын коронавирустан көз жұмған Фото: Global Look Press/Keystone Press Agency/U.S. Marines

АҚШ-тың әрбір 500-тұрғыны коронавирус инфекциясын жұқтырған соң қайтыс болған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, 16 қыркүйекке дейін АҚШ-та COVID-19-тан көз жұмғандардың саны 666 525 адамға жеткен.

Ал елдегі тұрғындардың жалпы саны 332,7 млн адамды құрайды. Яғни әрбір 500-американдық коронавирустан көз жұмған.

Осылайша АҚШ ковидтен қайтыс болғандар саны бойынша көш басында тұр. Ал эпидемия басталғалы мұнда вирус жұқтырғандар саны 41 531 501 адамға жетті.

Хабар 24 телеарнасы