Абдул Гани Барадар тәліптер ішінде кикілжің туғанын жоққа шығарды

Тәліптер үкіметінде Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған Абдул Гани Барадар қозғалыс басшылары арасында  кикілжің туғанын жоққа шығарып, өзінің жарақат алғаны туралы ақпардың жалған екенін мәлім етті.

Ол мұны өзінің видео-сұхбатында жеткізді. Кеше Абдул Гани Барадар мен «Талибан» ішіндегі бір қарулы топты басқаратын Халил Рахман Хаккани сөзге келіп қалғаны туралы хабар тараған болатын. Осыдан кейін Барадар халық арасына шықпай кеткен. Тіпті жақында Ауғанстанға барған Катар елінің Сыртқы істер министрімен кедесуге келмеген.

Абдул Гани Барадар, «Талибан» үкіметі премьер-министрінің орынбасары:

– Ақпарат құралдары Талибан ішінде кикілжің туды деп жазып жатыр. Бірақ бұл шындыққа сай келмейді. Біздің арамызда толық түсіністік орнаған. Ал Катар сыртқы істер министрімен сапарда болғандықтан кездесе алмадым.

Сондай-ақ...