Spacex компаниясының ғарыш кемесінде кәсіби астронавт жоқ

Ғарыш туризмінің жаңа дәуірі бір қадам алға басты. Илон Масктың Спейс Икс команиясы ғарышқа 4 турист аттандырды. Зымыран бейсенбіде Лондон уақыты бойынша түнгі 1 шамасында Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығынан ұшырылды. Экипаж ғарышта 3 күн болып, жерге оралмақ.  

АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі айлақтан алғаш рет бортында 4 ғарыш туристі отырған SpaceX компаниясының Dragon ғарыш кемесі орбитаға аттанды. Кемеде кәсіби астронавт жоқ. Жоспар бойынша туристер Жер орбитасында 3 күн болады. Осы уақыт бойы команда адамдардың денсаулығын жақсартуға бағытталған ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізбек.

Бенджамин Рид, Spacex экипаждың ұшу басқармасының басшысы:

– Бұл тарихи маңызды сәт. Бұнда жетістікке алғаш рет қол жеткізіп отырмыз. Dragon ғарыш кемесі алдағы уақытта Жер орбитасына 7 жолаушыға дейін жеткізе алады. Енді бізде жүк кемесі мен жолаушыларға арналған Драгон кемесі бар.

Ғарышқа сапар ұйымдастыру – миллиардер Джаред Айзекманның идеясы. Экспедицияның демеушісі да өзі болды. Онымен бірге орбитаға аттандандардың арасында балалар онкология ауруханасының медбикесі, лоторея жеңімпазы, әрі колледж мұғалімі және АҚШ әскери әуе күштерінің ардагері бар.

Хейли Арсено, экипаж мүшесі :

– Толқып тұрмын. Медициналық қызметкер ретінде ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысатынымыз қуантады. Діттеген мақсатқа қол жеткізуіміз керек. Бізді қолдағандарыңызға көп рахмет.

Орбиталық сапар барысында экипаж әр 90 минут сайын Жер бетін толық айналып отыратын болады. Ұшудың ең максималды биіктігі 575 шақырымды құрайды. Бұл бәсекелес компаниялардың көрсеткішінен 5 есеге артық. Яғни миссия қатысушылары халықаралық ғарыш станциясы мен «Хаббл» телескопынан да жоғары көтерілмек.

Ұшу процесі толық автоматтандырылғанына қарамастан апатты жағдайдың алдын алу үшін қатысуышылардың барлығы 6 айлық дайындықтан өткен. Әуесқой автронавтар арнайы ғарыш құрылғыларда ұшып қону процесін меңгеріп,  центрифугада жаттықты. 

Кристофер Семброски, экипаж мүшесі:

– Фильмдерде көргендердің барлығын өз басымыздан өткіздік. Бұл керемет мүмкіндік болды. Қолдан келгенше тырыстық.  Команда мүшесі болғаныма өте қуаныштымын. Бұл сапардық пайдасы халыққа тиетініне үміттімін. 

Inspiration 4 (инспирэйшн) деген атау берілген миссия қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушылар шамамен 200 млн доллар қаражат түседі деп жоспарлайды. Сапардан жиналған қаражат Мемфис қаласындағы ауруханада қатерлі ісік ауруына шалдыққан балаларға жұмсалмақ. Ал сапардың демеушісі Айзекманның өзі бұл орталыққа 100 млн доллар  бөліп отыр.

4 түрлі салада қызмет еткен адамдардың бір арнада тоғысқаны өте керемет. Олар ұшқыш болу үшін жылдар бойы оқыған емес. Алайда барлығының діттеген бір миссиясы бар. Экспедиция қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылып отыр. Болашақта шара қатерлі ісік ауруын жеңетін жаңа дәрілердің шығуына да септігін тигізеді.

Джаред Айзекман, экипаж мүшесі:

 – Халыққа ғарышқа ұшу мүмкін екендігін дәлелдегіміз келеді. Экипаж мүшелерін таңдағанда ерекше мұқият болдық. Орбитадан ғылыми зерттеу жұмыстарына арналған қажетті материалдарды әкелуге тырысамыз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл сапар ғарыш туризмінің дамуына да үлкен септігін тигізеді. SpaceX компаниясының келесі туристік сапары келесі жылдың басына жоспарланып отыр. Жоспар бойынша халықаралық ғарыш станциясына 3 кәсіпкер мен бұрынғы астронавтр аттану керек.

Сондай-ақ...