Боливияда 1,5 млн гектар орманды алқап күлге айналды

Боливияда биыл жыл басталғалы өрттен 1,5 миллион гектар орманды алқап күлге айналған. Олардың 650 мың гектары ұлттық табиғи қорықтар. Бұл туралы қоршаған ортаны қорғауға арналған жергілікті «Табиғат достары» ұйымы хабарлады.

Табиғи апаттан, әсіресе, Бени мен Санта-Крус аймақтары көп зардап шеккен. Осыған байланысты ұйым мамандары жерсерігі түсірген суреттер арқылы орман өрті ауқымының картасын жасаған. Онымен өрттің таралуын үнемі бақылауда ұстауға болады дейді мамандар.

Армандо Родригес, Amigos De La Naturaleza қорының өкілі:

– Орман өртінің тұтануына ауа райының ықпалы күшті. Бірақ Боливияда бұл апат 99,9 процент жағдайда адамдардың әректінен туындайды.