Аргентина халқы жұмыссыздыққа қарсы ереуілге шықты

Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында мыңдаған адам кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы ереуілге шықты.

Жиналған жұрт биліктен жұмыс орындарын ашуды сұрады. Сонымен қатар әлеуметтік көмек көрсету бағдарламаларын қолға алып, қоғамдық жұмыс пен асханаларда тегін тамақтандыруды талап етті.

Айтуынша, екі қолға бір күрек таба алмай отырған аргентиналықтардың саны 10,2 процентке асты. Ал ел тұрғындарының 42 проценті кедейлікте күн кешеді. Аймақтағы инфляция деңгейі де өсіп барады.

Айта кетейік, соңғы жылдары коронавирус пандемиясы онсыз да экономикалық әл ауқаты мүшкіл елдің жағдайын одан бетер әлсіретіп жіберді.

Поло Обреро, Эдуардо Беллибони жұмысшылар ұйымының басшысы:

- Аргентинада халықтың тең жартысы кедейшілікте өмір сүреді. Өмір бойы еңбек еткен зейнеткерлер күнін көре алмай отыр. Елде орташа жалақы 400 АҚШ долларын құраЙДЫ. Қарапайым халық үшін бұл жұқ та болмайды. Аш құрсақ жүргендердің қатары күн өткен сайын артып барады. Біз кедейліктің шегінде тұрмыз.