Венесуэлада халық вакцина орталығының алдына ереуілге шықты

Венесуэланың Каракас қаласында халық екпе егу орталығының алдында ереуілге шықты.

Жиналғандардың арасында егде жастағы тұрғындар көп. Наразылар биліктен коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын талап етті. Мәселен, көбі осыдан 4 ай бұрын Sputnik V препаратының бірінші дозасын ғана қабылдаған болатын.

Ресейлік мамандардың айтуынша, Sputnik V  вакцинасының екі компоненті арасында 180 күнге дейін ғана кідіріс жасауға болады.

Айта кетейік, Венесуэлада көбіне ресейлік Sputnik V  мен қытайдың Sinopharm препараты қолданыста. Бүгінде ел тұрғындарының 15 проценті ғана толық егілген.

Сондай-ақ...