Чили шетелдік туристер үшін шекарасын ашады

Чили қазан айынан бастап коронавирусқа қарсы вакцина салдырған шетелдік туристер үшін шекарасын ашады. Бұл туралы осы елдің Туризм министрі хабарлады.

Ережеге сай Чилиге сапарлағысы келетін шетелдік азаматтар осы ел үкіметінің арнайы сайтында тіркелуі керек. Бұдан бөлек соңғы 72 сағатта тапсырған ПТР-тестің теріс нәтижесі мен ауырған жағдайда пайдаланатын медициналық сақтандыру полисін көрсетуі тиіс. Оның көлемі 30 мың доллар болуы қажет. Жергілікті билік шара туристік секторды жандандырар деген үмітте. Чилидегі туризм саласы кірісінің 40 проценті осы шетелдік саяхатышлар есебінен құралады.

Глория Хатт, Чили көлік министрі:

– Бұл еліміздің шекарасын ашудағы маңызды қадам. Шетелдік туристерге қолайлы болу үшін барлық жағдай жасалған. Бірақ оларға ПТР-тест тапсыру және 5 күндік карантин сынды шектеулер қолданылатын болады.