Шекарадағы миграциялық дағдарыс өршіп тұр

АҚШ пен Мексика шекарасында жиналған мигранттардың саны күн өткен сайын артып барады. 

Өз елінен бас сауғалап қашқандар Техас штатының Дель-Рио мигранттар лагерінде орналасып жатыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл лагерьде шамамен 6000 адам бар. Келімсектердің арасында Гаити, Куба, Венесуэла мен Никарагуа елінің азаматтары көп. Заңсыз кірмелерге өмір сүру үшін еш жағдай жасалынбаған. Мигранттардың айтуынша, Америка тарапы оларды азық-түлікпен де қамтамасыз етпейді. Қажетті керек жарақтарын алу үшін олар өзеннен өтіп Мексикаға қатынайды. АҚШ билігі болса бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Айта кетейік, шекарадағы миграциялық дағдарыс шешімін таба алмай әлек. Өткен айда Мексика шекарасында 195 мыңнан астам мигрант қамауға алынды.