Прагада конфессияаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесіне арналған жиын өтті

Прагада конфессияаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесіне арналған халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өтіп отыр.

Еліміздің Чех Республикасындағы Елшілігі Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы және Ұлттық академиялық кітапханамен бірлесіп, осылайша Чех дін өкілдерінің, ғылыми және сарапшы топтардың басын қосты. Біздің тараптан онлайн форматта Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының басшысы Болат Сәрсенбаев, Ұлттық академиялық кітапхананың Бас директоры және ассамблея, дін өкілдері қатысты.

Кирил Свобода Чех Республикасының экс-вице-премьері, экс-сыртқы істер министрі:

– Әлем елдерінің арасындағы қашықтық байланыс арқылы қысқарады. Қазақстанның конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісіне ерекше назар аударғым келеді. Осы келісімнің нәтижесін де Қазақ елі барлық салада табыстарға жетті. Және бұл жерде әлемде аты қалыптасқан тұлға, тәжірибелі саясаткер, бүгінгі Қазақстанның негізін қалай білген Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ерекше атап өтуге болады.