426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ғарыш туристері орбитада. «Dragon» жолаушыларының алғашқы суреттері жарияланды

  • 167
  • UPD: 23:02, 17.09.2021
Ғарыш туристері орбитада. «Dragon» жолаушыларының алғашқы суреттері жарияланды

Жер маңайындағы орбитадағы Inspiration 4 миссиясы экипажының алғашқы суреттері пайда болды, деп хабарлайды Хабар 24 ВВС-ге сілтеме жасап.

Ұшырылымды кәсіпкер Илон Масктың SpaceX компаниясы ұйымдастырған болатын.

Фотосуреттерде бейнеленгендей, әуесқой астронавтар ғарыштық капсуланың ішінде өте жеңіл күйде ілінулі, планетаны иллюминатордан қарап, өз істерімен айналысуда.

Миллиардер Джаред Айзекман және оның әріптестері Хейли Арсено, Сиан Проктор және Крис Семброски сәрсенбі күні Флоридадағы ғарыш айлағынан ұшырылды.

Хабар 24 телеарнасы