Грекиялық шаруалар биыл мидиисіз қалатын болдық деп дабыл қағуда

Грекиялық шаруалар аптап ыстықтан биыл мидиисіз қалатын болдық деп дабыл қағуда.

Айтуларынша, аталған теңіз өнімдері судың шамадан тыс жылынуынан жаппай қырылып жатқан көрінеді. Негізі Грекия мидия жинау бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі саналады. Былтыр бұл елде 23 мың тоннаға жуық өнім алынған. Жалпы мамандардың айтуынша, аталған сала тек климаттың өзгеруінен ғана емес, коронавирус індетінен де орасан зор зардап шеккен. Теңіз өнімі тапшылығынан кей мейрамханалар тіпті оны ас мәзірінен алып тастауға мәжбүр болды.