Перудегі зообақта сирек кездесетін сегіз пингвин дүниеге келді

Лима қаласындағы зообақта сирек кездесетін Гумбольдт пингвиндерінің 8 балапаны дүниеге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің айтуынша, құстар шілде айында жұмыртқа жарып шыққан. Бірақ енді ғана көпшілік назарына ұсынылып отыр екен.

Айта кетейік, Гумбольдт пингвиндері жер бетінен жойылып кету қаупі төнген құстардың бірі саналады. Әртүрлі факторларға байланысты олардың саны соңғы уақытта едәуір азайып кеткен. Түрлі мәліметтер бойынша жабайы табиғатта небәрі 10 мыңға жуық Гумбольдт пингвині қалған.

Сондай-ақ...