ЮНИСЕФ: Мектептер ашылсын!

ЮНИСЕФ «Мектептер ашылсын!» деген үндеу тастады.

Осы бастамаға назар аударту үшін Халықаралық балалар қоры Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы бас штабының алдында арнайы акция өткізді. ЮНИСЕФ-тің есебі бойынша коронавирус індеті басталғаннан бері әлемде 1 триллион 800 миллиардтан астам сағат сабық өткізілмеген. Балалар қорының өкілдері дүниежүзі бойынша мейрамханалар сияқты ойын-сауық орындар ашылып жатқанда мектептер неге әлі жабық тұр деп наразылық білдірді.