426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Австралияда локдаунға қарсы шерулер өтіп жатыр

  • 108
  • UPD: 20:17, 18.09.2021
Австралияда локдаунға қарсы шерулер өтіп жатыр

Австралияда локдаунға қарсы наразылық шерулері өтіп жатыр. Шектеулерден қажыған жергілікті тұрғындар полициямен қақтығысты.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Сиднейде 235, ал Мельбурнда 32 адам қамауға алынды. Қақтығыс кезінде бірнеше тәртіп сақшысы жарақат алған. Виктория штатында 6 полиция қызметкері ауруханаға жатқызылды. Шеру өтіп жатқан қалаларда қоғамдық көліктердің жүруіне тыйым салынды. Соңғы мәлімет бойынша елде 1882 адам коронавирус жұқтырған. Көбі Сидней тұрғындары. Ал жуырда Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 6 науқас ковидтен көз жұмды.

Джереми Макканулти, COVID бөлімінің басшысы:

- Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында жасы 16-дан асқан тұрғындардың 81,2 проценті вакцинаның бірінші дозасын салдырған. Ал халықтың 50 проценттен астамы толық егілген. Бірақ осыған қарамастан ковид өршіп барады.

Хабар 24 телеарнасы