Кабул мен Джалалабадта жарылыс болды

Ауғанстанның Кабул мен Джалалабад қалаларында бірнеше жарылыс болды.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Джалалабадтағы лаңкестік шабуылдан 3 адам қаза тауып, тағы 20 тұрғын жарақат алған. Мұнда «Талибан» мүшелері отырған көлік жарылған. Ал Reuters ел астанасындағы жарылыстан 2 адам зардап шекті деген ақпарат таратты.

Молауи Ибраһим, «Талибан» өкілі:

- Жарылыс таңғы 10 жарымда болды. Біреу бізге қоңырау шалып, хабар берді. Бомба жарылған жерге жетіп келдік. Жарылған көлік мұнда 3 ай бойы тұрған. Ауыр жарақат алған ешкім жоқ. Жеңіл жараланғандар ауруханаға жеткізілді.

* Еске сала кетсек, «Талибан» ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.