АҚШ 10 мыңнан аса заңсыз мигрантты отанына кері қайтарады

АҚШ 10 мыңнан аса заңсыз мигрантты отанына кері қайтарады

АҚШ билігі Гаитиден келген мигранттарды кері қайтара бастады.

Мексикамен щекаралас Техас штатында қазір 10 мыңнан аса босқын бар. Әсіресе кейінгі аптада адам саны көбейген. Олар теңіз арқылы шекараны заңсыз кесіп өткендер. Қазір көпір астын паналап немесе қолдан жасалған шатырларда тұрып жатыр.

Билік бұз азаматтарды тамақпен қамтамсыз етуге тырысқанымен, су және азық-түлік тапшылығы туындап, санитарлық талаптар бұзылған.

Енді АҚШ билігі Гаити азаматтарын кері қайтару үшін күніне он шақты әуе сапарын ұйымдастырады.

Герлин Йозеф, Haitian Bridge Alliance қауымдастығының өкілі:

– Бұл адамдар 4-5 ай жүріп, әрең дегенде АҚШ-қа жетті. Кейбіреулер жарты жолда көз жұмды. Қиын жағдайдан қашып келіп отырғанда, америкалықтар оларды кері қайтармақшы. Мигранттарды АҚШ сияқты держава қабылдамаса, Гаити биігі қайтып келген азаматтардың жағдайын жетістіре қоймас. 

Негізі, Дональд Трамп тұсында АҚШ-та көші-қон ережелері қатаңдатылған. Алайда билік басына Джо Байден келгелі олардың көбінің күші жойылды.

Соңғы ақпарат бойынша, кейінгі 11 айда АҚШ-қа Гаитиден 29 мың мигрант келіпті. Олардың дені – 2010 жылғы алапат зілзаладан кейін Оңтүстік Американың өзге елдеріне бас сауғалаған азаматтар. Бұл аздай, биыл елде тағы да жер сілкінді.

Сонымен қоса жаздағы шабуылдан кейін президент көз жұмған.

Кейінгі жағдайларға байланысты Ақ Үй әкімшілігі Гаити азаматтарының «уақытша қорғауды қажет ететін тұлғалар» мәртебесін алу мүмкіндіктерін кеңейткен.