Ресейдегі парламенттік сайлауға 14 партия қатысты

Ресейде бүгін парламенттік сайлаудың соңғы үшінші күні өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 14 партия қатысты. Мемлекеттік думадан бөлек 46 өңірде аймақтық сайлау да жүрді. Саяси доданың 3 күнге жалғасуы алғаш рет. Конституцияға тиісті түзетулер былтыр енгізілген. Бұған дейін Ресей халқы 3 күн емес, бір апта бойы дауыс беретін. Бұл жолы Мәскеу және Севастополь қалалары мен бірнеше облыс тұрғындары қашықтан дауыс беру мүмкіндігін ие болды. Владимир Путин де өз таңдауын қашықтан жасаған. Бес жыл бұрынғымен салыстырғанда биыл халықаралық байқаушылар екі есе аз. 1993 жылдан бері алғаш рет байқаушы ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері қатысып жатқан жоқ.

Николай Булаев, РФ Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдеріне байқаушы ретінде қатысуға ұсыныс жасадық. Олар бас тартты. Бұл - олардың таңдауы. Өзге елдерде халықаралық ұйымдар атынан бірлі-жарым адам қатысса, бізде жүздеген адам қатысады. Қазіргі жағдайда оларың мың-мыңдап келгені дұрыс емес. Өзге мемлекеттермен салыстырғанда бізде байқаушылар әлдеқайда көп. Бұл біз үшін жеткілікті.