Қытайда кеме апатынан 10 адам көз жұмды

Қытайда жолаушылар мінген кеме аударылып, 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға елдің оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында болған. Мамандар 40 адамды аман алып қалған. Бірақ 5 жолаушы әлі табылмай жатыр. Апатқа нақты не себеп болғаны белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша су көлігі шамадан тыс көп адамның мінуі салдарынан аударылса керек. Негізі кеме 40 жолаушыға арналған екен. Алайда оқыс оқиға кезінде одан да көп адам отырыпты. Тағы бір мәлімет бойынша апатқа ауа райының қолайсыздығы да себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ...