Канар аралдарында жанартау атқылады

Канар аралдарында Кумбре-Вьеха жанартауы атқылады.

Таудан аққан шоқ маңайдағы елді мекендерге дейін жеткен. Құтқарушылар 4 ауылдың тұрғындары мен үй жануарларын көшіруге кірісті.

Елдің қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, эвакуациялық жұмыстарға әскерилер де тартылған. Өткен аптада аралда 22 мың жерасты дүмпуі болған екен. Соның салдарынан тас жолдар бұзылды. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жайлы мәлімет жоқ. Жанартаудың алда әлі қанша күн атқылауы мүмкін екені де белгісіз болып тұр.

Сондай-ақ...