Ресейде Думаға сайлау аяқталды

Ресейде үш күнге созылған бірыңғай сайлау аяқталды. Елде халық Мемлекеттік думаның 8-шақырылымының депуттарын таңдады. Сондай-ақ 39 аймақтан парламент депутаттары мен 9 аймаққа губернатор сайланды.

Қазірге дейін бюллетеньдердің 33 проценті саналған. Алдын ала санаққа қарағанда билік басындағы «Единая Россия» партиясы сайлаушылардың 45 процент дауысын жинап, 450 мандаттық думаның басым бөлігіне ие болған. Оның басты қарсыласы Коммунистік партияға сайлаушылардың 22 проценті қолдау білдірген. Бұдан бөлек Ресейдің либералды-демократиялық партиясы, «Справедливая Россия» сынды бірнеше партия 5 проценттік межеге жеткен. Жалпы Мемлекеттік дума сайлауына, 14 партия қатысты. «Единая Россия» жақтастары жеңісін тойлауға кірісіп те кетті.