Берлинде климат белсенділерінің наразылық акциясы басылар емес

Парламент ғимаратының маңына шатыр тігіп алған жастар аштық жариялады. 6 оқушының бастамасын тағы ондаған адам қостаған.

Суық күн мен жауынға қарамастан наразылық акциясы 20 күнге жалғасып отыр. Оқушылар Германия канцлерінің орнына сайланғалы жатқан 3 үміткермен бетпе-бет кездесуді талап еткен. Аштық жариялағандардың екеуі ауруханаға түсті.  Ал жергілікті оқушылардың талабы саяси додадан кейін ғана орындалатынын айтады. Ал наразылар үкіметтің бұл уәдесіне сенбейді.   

Якоб, экобелсенді:

- Жер беті экологиялық апатты жағдайда болғандықтан осындай қадамға барып отырмыз. Климаттың өте жылдам өзгеруі қауіп төндіріп тұр. Қазақстандағы қуаңшылық пен Еуропадағы су тасқыны алаңдатады. Бұл тек басы ғана. Табиғат апаттарынан жер бетінде аштық орнауы мүмкін.