Испанияда экобелсенділер әуежай аумағының кеңейтілуіне қарсы

Испанияның Барселона қаласында да мыңдаған адам ереуілге шықты. Жиналған жұрт  жергілікті әуежай аумағының кеңеюіне қарсы. Халық биліктен адам денсаулығы үшін климаттың өзгеруімен күресуді талап етті.

Айта кетейік, әуежай аумағына қатысты жобаның жүзеге асырылуы 5 жылға кейінге шегерілген. Десе де, наразы халықтың бұл шешімге көңілдері толмайды. 

- Әуежай аумағының ұлғаюына қарсымын. Әуе көліктерінің саны жеткілікті деп есептеймін. Керісінше ұшақтардың өндірісін азайту керек. Жаһандық жылынуға қатысты ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі белгілі. Сондықтан билік бұл жобаны тоқтату керек.

Сондай-ақ...