Нотр-Дам қашан ашылады?

Нотр-Дам соборы 2024 жылы жұмысын жалғастырады.

Бұл туралы BFMTV арнасының эфирінде ғимаратты қалпына келтірумен айналысатын ұйымның президенті генерал Жан-Луи Жоржелин айтты.

Ол осы уақытқа дейін собордың сыртқы әшекейлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.

«Мен Нотр-Дам ғимараты қазір берік және оның қабырғалары әлі де көптеген жылдар бойы тұратынын ресми түрде мәлімдеймін. Біз 2024 жылы діни қызметтерге қайта ашу үшін ғимараттың өртенген бөліктерін қалпына келтіру кезеңдерін жалғастырамыз», — деді генерал Жоржелин.

Нотр-Дам соборындағы өрт 2019 жылдың сәуірінде болды. Өрт ғимараттың бүкіл аумағын шарпыды және жалынды сөндіруге тоғыз сағат қажет кетті.