Пермьдегі университетте атыстан 8 адам қаза тапты

Ресейдің Пермь қаласындағы мемлекеттік университетінде атыс болды.

Аймақтағы тергеу комитетінің хабарлауынша, оқиғадан 8 адам мерт болды. Тағы 19 азамат жарақат алды. Оқу орнының студенттері ғимараттың терезесінен секіріп сыртқа шығуға тырысқан.  Белгілі болғандай, 18 жастағы Тимур Бекмансуров есімді күдікті университеттің 8-корпусында тығылған. Қазір ол тәртіп сақшыларының қолында. Күдіктінің ауыр жарақат алғаны мәлім. Оның бұл қадамға не себептен барғаны әзірге белгісіз. Тергеу ісі басталды.