Сингапур ғалымдары бактерияға қарсы дәке ойлап тапты

Сингапурде Наньян университетінің ғалымдары тамақ қалдықтарымен күресіп, дуриан жемісінің қабығынан антибактериялы гельді дәке ойлап тапты. 

Ол үшін жемістің қатты қабығы алынып, қақталып, одан кейін глицеринмен араластырылады. Нәтижесінде жұмсақ дәке қылып кесуге болатын гидрогель шығады екен. Мамандар мұндай бинт жараның тез жазылуына көмектеседі деп отыр. Оны дайындау микробқа қарсы қолданылатын бинтпен салыстырғанда әлдеқайда арзан екен.

Уильям Чен, Наньян технологиялық университетінің профессоры:

- Сингапурда жыл сайын 12 миллион дуриан пайдаланылады екен. Бірақ оның ішкі жемісі желінгенімен қабығы далаға тасталып, қоршаған ортаға көп зиян келтіреді. Осы мәселемен күресуді басты мақсат етіп содан дәке жасау технологиясын ойлап таптық.