Пермь университетінде оқ жаудырған студент тірі қалды

Пермь университетінде атыс ұйымдастырған Тимур Бекмансұров жарақаттан аман қалды және ауруханада ауыр халде жатыр, деп мәлімдеді Ресей Федерациясының Тергеу комитеті.

Бұған дейін университеттің баспасөз қызметі қаскөй ұсталған кезде алған жарақатынан қайтыс болғанын хабарлаған. Бекмансуров өзінің сыныптастарына сабаққа келмейтінін алдын ала ескерткен.
 
Еске сала кетейік, Ресейдің Пермь қаласындағы университетте белгісіз біреу оқ жаудырғаны туралы жазған болатынбыз, кейіннен 8 адам қаза тапқаны анықталды.
 
Атысты осы университеттің 1-курс студенті ұйымдастырған және ұсталу кезінде ауыр жарақат алған ол аман қалған.