Covid-19: жалған ақпарат таратушылардың парақшалары бұғатталды

Фейсбук әлеуметтік желісі Германияда коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқан 150 парақшаны бұғаттап тастады. Барлығы «Ерекше пікір» атты қозғалыспен байланысты болған.

Олар халықты зорлық-зомбылыққа үгіттеген. Бұған дейін Ютуб бейнеплатформасы да осы қозғалыстың каналын бұғаттаған еді.

«Ерекше пікір» бірлестігі сәуірден бері жергілікті барлау қызметінің қатаң бақылауында тұр. Қозғалыс мүшелерінің экстремизмге қатысы болуы мүмкін деген күдік бар.